"Өз адамына бұйырыпты": көпшілік Тұрсынбектің әйелін сынап тастады (ВИДЕО)

10 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Мөлдір Мұқанованың "Арамызда қалсын бәрі" әнін Нұрым Қуаныш кавер ретінде орындағаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары жағымды пікірлерін қарша боратты. Тыңдармандардың пікірінше, ән шынайы иесін тапқандай әсер қалдырған. Желіде жазылған пікірлерге сүйенсек, Нұрымның дауысы мен әнге деген сезімтал көзқарасы тыңдарманның жүрегіне жетіп, бұл нұсқаны тіпті түпнұсқадан да артық санағандар көп болды.

Кейбір қолданушылар "Әнге жан бітті", "Енді мағынасы анық естіліп тұр", "Тыңдай бергің келеді" деп жылы лебіздерін білдірсе, енді бірі "Ер адамның орындауында ерекше әсер қалдырады" деп баға берген. Сонымен қатар, "Хит әнді жарасымды дауыс қана аша алады", "Мына жігітке бұл ән дәл келген" деген пікірлер де жиі кездеседі.