Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ол бұл жетістікке ресейлік серіктесі Егор Плешивцевпен бірге қол жеткізді. Екі спортшы турнирдің екінші нөмірлі дуэті – Якопо Вазами мен Тимофей Дерепасконы сенімді түрде ұтып, 6:3, 6:2 есебімен жарыстан шығарды.
Ширек финалда Әмір мен Егор Криш Тьяги мен Доиг Коннор жұбына қарсы 10 шілдеде кортқа шығатын болады.
Айта кетейік, жарыста бақ сынаған қазақстандық тағы бір жұп – Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай 1/8 финалда Джаггер Лич пен Оливер Бондингке 3:6, 6:4, 8:10 есебімен жеңіліп қалды.