"Талғамсыз болды": Бағым Мұхитденова Димашқа айтқан сынын орынды деп санайды (ВИДЕО)

"Талғамсыз болды": Бағым Мұхитденова Димашқа айтқан сынын орынды деп санайды (ВИДЕО)

фото: SN.kz. Суретте: Бағым Мұхитденова мен Димаш Құдайберген

Танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова кезінде Димаш Құдайбергенге қатысты айтқан сынына байланысты пікір білдірді.

Ол бұл туралы Аман Тасығанға берген сұхбатында сөз қозғады.

Бағым Мұхитденованың айтуынша, кезінде айтылған пікірі бұрмаланып, тек бір сөйлем ғана көпшілікке таралып кеткен. Соның салдарынан ол Димашқа "жоғары нотада ән айтпа" дегендей түсінік қалыптасқанын жеткізді. Продюсердің айтуынша, ол тек белгілі бір әнде шыңғыру артық деп есептеген.

Ол Димаш орындаған әннің өзі үшін ерекше туынды болмағанын айтып, жоғары деңгейдегі хит қатарына жатқызбайтынын айтты. Сонымен қатар, "Песни" жобасында әннің өзі сынға түсетінін, ал бұл жағдайда да сол әнге пікір айтылғанын түсіндірді.

Мұхитденова Димаштың әлемдік деңгейдегі жұлдыз екенін жоққа шығармайтынын айтып, алайда ол таңдаған әннің сәтсіз екенін алға тартты. Оның пікірінше, егер бұл ән сәтті таңдалғанда, шын мәнінде хитке айналар еді.

Продюсер өз пікірінен бас тартпайтынын және ешкімнен кешірім сұрамайтынын нақты айтты