Жуырда үшінші сәбиін дүниеге әкелген әнші Ерке Есмахан сахнада киген көйлегі мен айтқан сөздері үшін желі қолданушыларынан сын естіді.
Сахнаға етегі кең, ашық көйлекпен шыққан өнер иесі желдің әсерінен ыңғайсыз жағдайда қалғанын айтып, былай деді:
«Түу, неге басқа көйлек кимедім деп жыным ұстап тұр. Қолымды ала алмай тұрмын, әйтпесе ашып жібереді».
Бұл сәт көпшіліктің назарына ілігіп, әлеуметтік желіде түрлі пікірлер туғызды. Желі қолданушылары Еркенің сахнадағы сөздері мен таңдаған киіміне реніш білдірді:
– «Сахналық мәдениет қайда?»,
– «Ұят екен»,
– «Мүлде жараспайды»,
– «Ыңғайлы көйлек кимедің бе?», – деген пікірлер жазылды.