«Маған ауыр сөздер айтты»: Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованы неге қоянға теңегенін түсіндірді

9 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Caravan.kz. Суретте: Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзова

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында Баян Алагөзова туралы бұрынғы пікірі мен желіде тарап кеткен видеоға байланысты өз ойын ашық жазды.

Түсіпбаеваның айтуынша, қазіргі уақытта таралып жатқан видео бірнеше жыл бұрын түсірілген. Ол Баян Алагөзова түсірген эпостық сериалдың мемлекет қаржысына түсіріліп, кейін Ұлттық арнаның эфирінен алынып тасталғанын еске салды.

– «Кешеден бері хит болып жатқан видео туралы бір ауыз сөз! Жазуға ерініп едім, сұхбат сұрап жатыр адамдар, телефоным жарылуда. Бұл – ескі видео. Онда мен 5-6 жыл бұрын Баянның мемлекеттің ақшасына түсірген сериалын сынға алған едім. Өйткені ол эфирден алынды. Сол кезде жазғанмын: халықтың қаржысына түсірілген жоба жарамсыз болса, ақша мемлекетке қайтарылуы керек, басқа адам түсірсін деген едім», – деді әнші.

Ол сондай-ақ сол уақытта Баян Алагөзованың өзі туралы ауыр сөздер жазып, жеке шекарадан асқанын айтып, бұл пікірінің соған жауап ретінде айтылғанын жеткізді.

– «Сол жазбамнан кейін Баян мен туралы “ол кім?”, “қандай әні бар?” деген секілді ауыр сөздер айтып, шекарадан өтті. Қазір тым мәдениетті боп отырғанымен, кезінде өзі де мені сынады. Сондықтан ‘Қандай сәлем – сондай жауап’ деп сұхбат беріп, шындықты айттым. Қазір бұл видео қысқартылып берілгендіктен, жұрт толық мән-жайды түсінбей жатыр. Мен жайдан-жай ешкімге тиісіп отырған жоқпын», – деді Түсіпбаева.

Сондай-ақ ол: «Мемлекеттің ақшасы – ол біздің салықтан жиналған қаржы. Тұңғышбай аға да өз фильміне бөлінген ақшаны қайтарды. Неге Баян қайтармасқа? Бұл сұрақтың несі оғаш?» – деп пікірін қосты.

Тэгтер:

Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзова