Олимпиаданың 7 дүркін чемпионы пластикалық ота жасатып, адам танымастай өзгеріп кеткен

Бүгін, 08:21 / Ахмет Қанатұлы
Tengrisport.kz. Суретте: Симона Байлз

Америкалық гимнаст, Париж Олимпиадасының чемпионы Симона Байлз пластикалық ота жасатты. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған мәліметке сәйкес, Олимпиаданың 7 дүркін чемпионы Симона Байлз пластикалық отаны омырауын үлкейту үшін жасатқан. Бұған дейін спортшы әлеуметтік желіде жартылай жалаңаш түскен суреттерін жариялаған. Кадрлардан оның сырт келбетінде, әсіресе омырауында елеулі өзгеріс байқалған – пішіні үлкейіп, айқын дөңестікке ие болған.

Симона Байлз – спорттық гимнастика тарихындағы ең ұлы спортшылардың бірі ретінде танылған америкалық гимнаст. Ол 1997 жылы 14 наурызда Огайо штатының Колумбус қаласында дүниеге келген. Гимнастикамен алты жасынан бастап айналыса бастаған. 2011 жылы кәсіби мансабын бастап, 2013 жылы-ақ әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алған.

Тэгтер:

чемпион Олимпиада операция Симона Байлз ота