Тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің авторлық бағдарламасына танымал продюсер әрі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанованы қыздарымен бірге қонаққа шақырды.
Бағдарлама барысында тележүргізуші Мөлдір Мұқанованың өзіне бағытталған хейттерге сабырмен қарайтынына таңданысын жасырмады.
Мөлдір, сенің бойыңдағы энергия 18 жастағы бойжеткеннің қуатындай. Мұны қалай сақтап жүрсің? – деп сұрады Динара Сәтжан.
Продюсер бұл сұраққа бірден жауап берді:
Меніңше, бәрі қуана білуде. Айналадағы әрбір нәрсеге шаттықпен қарау керек, – деді ол.