«Өкінетіні бетіне шығып тұр»: Жұлдыз Әбдікәрімованың жүктілік жайлы сөзі желіде дау тудырды (видео)

«Өкінетіні бетіне шығып тұр»: Жұлдыз Әбдікәрімованың жүктілік жайлы сөзі желіде дау тудырды (видео)

фото: instagram.com/kair_n. Суретте: Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас

Актриса әрі Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова ел алдында өзінің бесінші рет ана атанатынын жария етіп, жұртты елең еткізді. Дегенмен, жүктілікке қатысты айтқан пікірі қоғамда екіұшты қабылданды.

Күтпеген жүктілік туралы ашық айтты

НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сұхбат берген актриса бұл жаңалықты тосын жайт деп бағалаған:

"Мүлдем ойлаған жоқпын. Өйткені халыққа белгілі, менің сол кездегі жағдайым қандай болғанын бәрі біледі, куә болды. Сонымен жүріп қалдым. Солай болуы керек болған шығар. Естіген кезде қуандым. Өздеріңіз білетіндей, төрт балам бар. Енді бесінші баланы да қуана-қуана қабылдаймыз. Бергеннен кейін тастамаймыз", – деді ол.

Желі қолданушылары реакциясы

Актрисаның «бергеннен кейін тастамаймыз» деген сөзі қызу талқылауға түсті. Желі қолданушыларының кейбірі бұл сөзді орынсыз деп бағалап, ашық сын айтты:

"Бергеннен кейін тастамаймыз дегені несі?"

"Өкінетіні бетіне шығып тұр"

"Сөйлеу мәдениеті жоқ"

"Ойланып сөйлеу керек қой"

Көпшілік бұл сөзді аналық мейірімге сай келмейді деп қабылдаса, енді біреулері оны эмоциялық күйдің әсерімен айтылған сөз деп қорғап жатыр.

Жұлдыз – көпбалалы ана

Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртастың отбасында бүгінде төрт бала өсіп келеді. Олар отбасылық құндылықтарды жоғары қоятынын жиі айтып отырады. Актриса бесінші сәбиі өміріне жаңа леп әкелетінін айтып, ана болуға дайын екенін мәлім етті.