Танымал өнерлі жұп Жазира мен Жанболаттың кезекті бір сәті әлеуметтік желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды.
Желіде тараған видеода Жазира жалаңаяқ күйі күйеуіне еркелеп, аяғын ауыртып жатқанын айтып шағымданады.
«Аяғыма тас кіріп кетті, ауырып тұр. Арқалап алшы», – дейді әнші жарын еркелете.
Жанболат жарының жағдайын түсініп, дереу көтеріп алады. Бұл көрініс желідегілердің көңілін көтеріп, жылы пікірлер тудырды.
Жұртшылық қос өнерпаздың жарасымды қарым-қатынасына риза болып:
«Нағыз жұп», «Осындай сыйластық көпке үлгі», «Әйелін еркелете білетін ер азамат», – деген тілектерін жарыса жазды.