«Таза актер екенсің ғой»: басы даудан арылмаған зілтемірші Алмас Өтешов алғаш рет киноға түсті

8 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Видеодан скриншот. Суретте: Алмас Өтешов

Әлем чемпионатының жүлдегері, Қазақстан құрамасының тәжірибелі зілтеміршісі Алмас Өтешов жаңа қырынан танылып, кино әлеміне қадам басты, деп Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшы өзінің Instagram парақшасында актерлік дебюті туралы қуанышпен бөлісіп, отандық «Байгайстан» фильмінде бой көрсеткенін жазды.

«Біртіндеп басталып жатыр. «Байгайстанда» өзімді сынап көрдім. Киноға түсу бала кезден бергі арманым еді. Қазір сол арман орындалып жатқандай, шүкір», – деді Алмас жазбасында.

Желі қолданушылары зілтеміршінің бұл бастамасын жылы қабылдап, шынайы қолдау білдірді. Көпшілік Алмастың актерлік қабілетіне оң баға беріп, болашақта үлкен рөлдерді бағындыратынына сенім білдірді.

«Осы жолдан тайма, бауырым!», «Сені қолдаймыз, болашағың жарқын!», «Кино, ән, штанга – бәрі сенің қолыңнан келеді», «Таза актер екенсің ғой!» – деп жылы пікірлер жазып жатты.

Айта кетейік, бұған дейін Алмас Өтешов алты айдың ішінде ішімдіктен қалай бас тартқанын айтып, бұл қадам оның өмірінде тың бетбұрыстарға себеп болғанын жеткізген еді. 

Тэгтер:

Алмас Өтешов кино Байгайстан