Белгілі блогер әрі нумеролог Гүлжан Ким әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың отбасы және өмір жолы туралы нумерологиялық сараптама жасап, болжамын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Оқырмандарым көптен бері Тұрсынбек Қабатовтың туған күнін жіберіп жатыр. "Не болып жатыр, бізге түсініксіз» дейді. Әдетте мұндай адамдарды қарамаймын, бірақ бұл жолы нумерологиялық талдау жасап көрдім", – деді Ким.
Нумерологтың айтуынша, Тұрсынбек Қабатов 1979 жылдың 10 қазанында дүниеге келген. Бұл дата – «сәттілікке толы», «тағдыры жолы болғыш» жандарға тән көрінеді.
"Мұндай адамдардың фортуналары көп, яғни жолы әрдайым болып тұрады. Ол – табиғатынан "сәттілік дорбасымен" туған адам. 40 жасқа дейін шығармашылықта өседі, ал 40-тан кейін бизнес пен қаржылық табыс кезеңі басталады", – деді ол.
Нумеролог Қабатовтың өмірінде 29 жасында маңызды бетбұрыс болғанын айтады. Бұл кезеңде қаржылық тұрғыдан табысқа жетіп, жеке өмірінде де қиындықтар орын алған көрінеді.
Сонымен қатар, маман әзілкештің 46-47 жасында қиын кезеңге тап болуы мүмкін екенін ескертті.
"Бұл жылдары оның өмірінде "нулевой период" басталады. Бұл – түсініспеушіліктер, жанжал, тіпті ажырасу қаупі бар кезең. Сондай-ақ денсаулығына да байланысты мәселелер туындауы мүмкін. Жұмысынан айырылып қалу ықтималдығы да бар", – дейді нумеролог.
Гүлжан Ким Қабатовтың мінезіне қатысты да өз ойын білдірді:
"Өте қайсар, атаққа құмар адам. Ақшаны ұстауға бейім емес – бәріне үлестіріп жүреді. Ұрысқанда сөзді бөліп сөйлейді. Көбінесе жұмыс деп өмірдің ләззатынан алыстап кетеді".