"Детдомға өткізіп жібер" дегендер болған": Елдос "Колобок" анасының неге тұрмыс құрмағанын айтты

8 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Видеодан скриншот. Суретте: Елдос "Колобок" пен анасы

Танымал блогер әрі әзілкеш Елдос "Колобок" анасының не себепті тұрмыс құрмағанын ашық айтып, көпшілікті ойландырды.

Оның айтуынша, анасы ешқашан "тұрмысқа шығам" деп сөз қозғамаған.

"Анам ешқашан "мен тұрмысқа шығамын" деген емес. Біз бала күнімізде қатты бұзық болдық. Сол кезде кейбір туыстар: "Детдомға өткізіп жібер де, өзің тұрмысқа шығып ал" деп бетімізге тік айтатын. Бірақ біз анамызды қызғанатынбыз. Айдаладағы біреуге қосылсын деп қимайтынбыз. Мен де рұқсат бермедім", – дейді Елдос.

Ол бұл әрекетін әке мен анаға деген махаббатпен түсіндіріп отыр.

"Әкем біз үшін құрбан болды, ал анам бүкіл өмірін бізге арнады. Ол өзі де ештеңе сұрамады, туыстар да "міне, осындай адам бар" деп алып келмеді", – деп түйіндеді ол.

Тэгтер:

ана Елдос "Колобок"