Бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандаған танымал блогер Елдос «Колобок» жұбайымен бірге қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол көптен күткен сәбидің келуін «гендер-пати» арқылы жариялап, елді тебірентті.
«Сүйінші, қазақ елі! Аллаға шүкір, осы күнге де жеттік. Балапан, біз сені күтеміз!» – деп жазды Елдос Instagram парақшасында жариялаған видеосында.
Бейнежазбадан блогердің ұлды болатыны байқалады. Видеоны жүктегеніне бір сағат өтпей жатып жазба 60 мыңға жуық пікір мен мыңдаған лүпіл жинап үлгерді.
Қуанышты жаңалыққа танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да пікір қалдырып:
«Алланың қалауымен, үлкендердің батасымен, дәрігерлердің көмегімен және халықтың қолдауымен осындай күнге жеттіңдер», – деп жазды.