"Еңбек сіңірген қайраткермін": Меруерт Түсіпбаева өз ойын ашық айтуға құқылы екенін мәлімдеді

"Еңбек сіңірген қайраткермін": Меруерт Түсіпбаева өз ойын ашық айтуға құқылы екенін мәлімдеді

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Меруерт Түсіпбаева

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева мемлекеттік марапаттарын тілге тиек етіп, қоғамдағы өз пікірін ашық жеткізгені үшін сынның астында қалды.

"Менің де пікір білдіруге толық құқым бар. Әр адам өз ойын ашық айта алуы тиіс. Мен – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерімін. Мемлекетке еткен еңбегім елеусіз емес. Бұл атақты еліміздің Президенті өзі қол қойып табыстады. Бұл марапат – "Халық әртісі" атағымен деңгейлес", – деп мәлімдеді өнер иесі.

Алайда әншінің бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында әртүрлі пікір туғызды. Кейбір оқырмандар бұл сөздерін жақтырмай, теріс пікір қалдырған.

Желі қолданушыларының пікірі мынадай болды:

"Тек "мен, мен" дегені шаршатты..."

"Оның мемлекетке қандай еңбегі сіңді екен?"

"Қайраткер болсаң, жұртқа ұрыса беруің керек пе?"

"Жасы ұлғайған сайын артық сөйлейтін болды..."

"Қазақстан үшін ешбір үлес қосқан жоқ"