"Нағашыларымның арқасында жетістікке жеттім": Шавкат Рахмонов ерекше естелігін айтты

7 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов

UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі қазақ жауынгері Шавкат Рахмонов өзіне қолдау білдірген жандар туралы ыстық естелігін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Маған қиын кезде отбасым қолдау берді. Мен нағашы әжемнің қолында өскенмін. Нағашы әжемнің қасында жататын едім. Нағашыларымды ерекше жақсы көремін, сол кісілердің арқасында осындай жетістіктерге жетіп жатырмын. Әжем маған қатты сенетін еді", – деді Шавкат Рахмонов Ulysmedia YouTube арнасына берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта өзіне тағылып жатқан сынға жауап берген еді.

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов жауынгер нағашы әже