Мақпал Жүнісова қызы Мерейге жаңа темір тұлпар сыйлады (ВИДЕО)

7 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
SN.kz

Танымал әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне орай ерекше сыйлық тарту етті. Бұл қуанышты сәтпен ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Өнер иесі қызына заманауи Hyundai маркалы жаңа көлік сыйлаған.

«Бұл – екінші көлігі. Аллаға шүкір! Бірінші темір тұлпары әлі тозбаған. Бірақ туған күніне орай жаңасын алып, бұрынғысын бауырына сыйға тартып отырмыз. 6 шілдеде туған жандарға ұзақ ғұмыр тілеймін!», – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Көпшілік бұл қуанышты жаңалықты жылы қабылдап, әлеуметтік желіде Мерейге ақжарма тілектерін жаудырды.

«Құтты болсын, жақсылыққа мініңдер»,
«Жаңа көлік өміріңе тек сәттілік алып келсін, жолың ашық болсын»,
«Туған күніңізбен! Мерейіңнің қуанышын бірге көріп, әрдайым жанынан табыла беріңіз», – деген тілектер жазды желі қолданушылары.