«Кеткен еркек қайтып келмейді»: Мөлдір Мұқан бейтаныс жігітпен бірге видео жариялады

7 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Alash.kz

Продюсер әрі Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанның бейтаныс ер азаматпен түскен видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Мөлдір TikTok және Instagram парақшасында белгісіз ер адаммен бейнеролик жариялап, жазбасында: «Сіз үшін бақытты отбасы деген не?» деген сауал қойды. Өз жауабында ол: «Мәңгілік және адал отбасы» деп жауап берген.

Желі қолданушылары видео астына түрлі пікір қалдырып, Мөлдірге қолдау білдіріп, кейбірі сыни көзқарасын да жасырмаған.

Қолдау пікірлерінен:

«Кеткен еркек қайтып келмейді, Мөлдір. Бақытты болуға лайықсың»

«Жарайсың, Мөлдір! Біз адал болдық, таза болдық, бірақ соны бағаламаған еркекке не деуге болады?!»

«Адал адам ғана сатқындықты кешіре алмайды»

Ал сын айтушылар арасында:

«Бұл да Жұлдыздай қайда барарын білмей жүр. Ақша бар, көйлек көк, тамақ тоқ – тыныш отырса қайтеді?!»

«Қайраттың әйелі екіқабат болып тынышталды, енді мынау шықты орнына жүгіріп»

«Мен Тұрсынбектің басқаға қарады дегенге сенбеймін»