Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл әсерлі сәттің видеолары әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр.
Ислам Чесноков биылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында «Тобыл» сапында 14 матч өткізіп, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
Бұған дейін Самараның «Крылья Советов» клубы Қостанайлық «Тобылдың» көшбасшысын өз сапына қосуға шындап кіріскені хабарланған еді.
Сонымен қатар, британдық БАҚ-тың дерегінше, Өскемен тумасы Шотландияның «Хартс» клубымен алдын ала келісімшартқа қол қойған. Ол командаға 2026 жылдың басында қосылады деп жоспарлануда.