"Ашуланып қайттық": Ләйлә Сұлтанқызы ұлттық құраманың ойынына баға берді (видео)

10 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/sultankyzy. Суретте: Ләйлә Сұлтанқызы

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы елордада өткен Қазақстан – Солтүстік Македония арасындағы футбол матчын тамашалап, өз әсерін бөлісті. Белгілі тележүргізуші Instagram парақшасында эмоцияға толы жазба қалдырып, стадиондағы атмосфера мен жанкүйерлердің бірлігі туралы жылы пікір білдірді.

"Айнагүл екеумізге фанат болуға болмайды екен", – деп жазды ол әзіл-шыны аралас.

27 мың жанкүйер – бір жүрек, бір тілек

"Бүгін @dishinka_apa апа бәріміз футболға барып, тамағымыз қырылғанша айқайлап, арасында ашуланып, қуанып та қайттық," – деп жазған Ләйлә ханым стадиондағы ерекше рухты атап өтті.

Матчқа жиналған 27 мыңнан аса жанкүйер ұлттық құраманы қолдап, бір деммен жанкүйерлік танытты. Бұл – тек спорт емес, елдік рухты көтеретін оқиғаға айналған сәт болды.

Журналист матчта ұлттық құраманың бірнеше гол сәттерін жіберіп алғанын атап өткен. Алайда ол да, көрермен де үмітін үзбей, "жеңісті күндер алда ғой" деп өз-өзін жұбатуға тырысады.

Бұл сөз – қазақстандық жанкүйердің шынайы болмысын көрсетеді: жеңілсе де, сенетін, құласа да қолдайтын халықтың дауысы.

Ләйлә Сұлтанқызы депутат Давид Лорияның шақыртуымен келгенін атап өтіп, ойыннан кейінгі ерекше көрініске тоқталған:

"Шығып бара жатып, артын тап-тұйнақтай жинап тазалап бара жатқан жастарға ризашылығымызды білдірдік. Ұлым да қолындағы мусорын тастамай, үйге көтеріп келді."

Бұл сәт – тек футбол емес, ұлттық тәрбиенің көрінісі. Әрбір адам қоғам алдындағы жауапкершілікті сезініп, мәдениетті жанкүйерлік үлгісін көрсетіп жатты.

Тэгтер:

футбол Ләйлә Сұлтанқызы