Қазақ боксшылары барлығынан басып озып, Әлем кубогында топ жарды

Бүгін, 00:49 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Айбек Оралбай

Астанада өткен бокстан World Boxing Әлем кубогында Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша абсолютті көшбасшы атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жергілікті жанкүйерлердің қолдауымен өткен турнирде Қазақстан құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Осылайша еліміз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады.

Екінші орынды 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншілеген Бразилия иеленді. Үздік үштікті 3 алтын, 5 күміс және 3 қола медальмен Үндістан құрамасы түйіндеді.

Әлем кубогының медаль кестесі келесідей:

  1. Қазақстан – 8 алтын, 4 күміс, 4 қола
  2. Бразилия – 4 алтын, 2 күміс, 1 қола
  3. Үндістан – 3 алтын, 5 күміс, 3 қола
  4. Австралия – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
  5. Өзбекстан – 1 алтын, 0 күміс, 4 қола
  6. Франция – 1 алтын, 0 күміс, 3 қола
  7. Норвегия – 1 алтын
  8. Финляндия – 1 алтын
  9. Түркия – 0 алтын, 2 күміс, 6 қола
  10. Жапония – 0 алтын, 1 күміс, 2 қола
  11. АҚШ – 0 алтын, 1 күміс, 2 қола
  12. Болгария – 0 алтын, 1 күміс, 1 қола
  13. Германия – 0 алтын, 1 күміс, 1 қола
  14. Моңғолия – 0 алтын, 1 күміс, 1 қола
  15. Филиппиндер – 0 алтын, 1 күміс
  16. Әзербайжан – 0 алтын, 0 күміс, 3 қола
  17. Англия – 0 алтын, 0 күміс, 3 қола
  18. Қырғызстан – 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
  19. Нигерия – 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
  20. Польша – 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
  21. Тайвань – 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
  22. Доминикан Республикасы – 0 алтын, 0 күміс, 1 қола

Тэгтер:

Бокс Қазақстан әлем кубогы медаль