Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалиннің өз шәкірттерін жеңістерімен құттықтауы желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының финалдық жекпе-жектерінде Елдос Сайдалин өз шәкірттерінің маңдайынан сүйіп құттықтап жатыр. Ayan Tolegen Telegram арнасында:
"Сіз Елдос Сайдалиннің жекпе-жектен кейін шәкірттерін қалай құттықтайтынын байқадыңыз ба – ол үлкен ағалары секілді спортшы қыздардың маңдайынан сүйіпж атыр. Біздің мәдениетімізде бұл – ата-аналық немесе аға-бауырлық махаббатты білдірудің белгісі", – делінген.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында Назым Қызайбай (48 кг), Виктория Графеева (60 кг) және Наталья Богданова (70 кг) чемпион атанған болатын.