Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Астанада өткен World Boxing Әлем кубогының финалында жеңіске жеткенін ерекше түрде атап өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Әлем чемпионы Қазақстан құрамасына бұл турнирдегі алтыншы алтын медальді алып келді.
50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Санжар филиппиндік қарсыласы Джей Брайан Барикуатроны айқын басымдықпен жеңіді. Жекпе-жектен кейін Тәшкенбай ринг арқанына мініп, артқа қарай секіріп сальто жасады. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай Қазақстан қоржынына алтыншы алтын жүлдені салды. Бұған дейін ерлер арасында Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Бекзад Нұрдәулетов (85 кг), ал әйелдер арасында Назым Қызайбай (48 кг), Виктория Графеева (60 кг) және Наталья Богданова (70 кг) чемпион атанған болатын. Сондай-ақ Нұрбек Оралбай (80 кг) күміс жүлдені қанжығасына байлады.