Құрбысы – Назым Қызайбай: Түрік боксшысы қазақ тілін үйреніп алғанын айтты

Бүгін, 10:57 / Ахмет Қанатұлы
REUTERS / UESLEI MARCELINO. Суретте: Бусеназ Сурменели

Олимпиада чемпионы және үш дүркін әлем чемпионы, түркиялық Бусеназ Сурменели Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының финалына шыққаннан кейінгі әсерін бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Мен Астанаға жиі келемін, мұнда менің көптеген досsv бар. Астанаға екі-үш рет келдім, сондай-ақ Қарағанды мен Алматыда да болдым. Бұл Қазақстанға алғашқы сапарым емес. Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қазақстан құрамасындағы қыздардың бәрі – менің достарым, әсіресе Назым Қызайбаймен жақын доспыз. Қазақ тілінен біраз сөз білемін – «Рақмет», «Қалайсың?», «Өзің қалайсың?» – деді Сурменели.

Айта кетейік, 65 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жекте Сурменели қазақстандық әлем чемпионы Аида Әбікенованы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Тэгтер:

Бокс Астана қазақ тілі Түркия Бусеназ Сурменели