«Ендігі үмітім хиджабтағы қыздарда»: 37 жастағы Қуат Хамитов өзінің неге үйленбей жүргенін айтты

Бүгін, 05:44 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/kuat__khamitov. Суретте: Қуат Хамитов

Аралас жекпе-жек шебері, танымал спортшы Қуат «Найман» Хамитов өзінің жеке өмірі мен болашақ жарына қатысты ойымен бөлісіп, көпшілікті ойландырып қойды. Ол Instagram парақшасында үйлену туралы ой қозғап, қазіргі қыздардың тәрбиесіне алаңдайтынын жасырмады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

«Соңғы кездері үйлену туралы жиі ойлап жүрмін. Айналамдағылар қыздардың көбі бұзылған дейді (мен олай ойламаймын). Бірақ шындықтың үлесі бар. Ендігі үмітім – хиджабтағы аруларда. Орамал таққан қыздар маған баяғыдан ұнайтын», – деп жазды Қуат.

Сондай-ақ, спортшы кейінгі жазбасында өз өмірлік ұстанымдарын бөлісіп, өзіне тағылған сындарға жауап қатты:

«Қандай адам болсаң, жарың да сондай болады дейді ғой. Мен өмірімде алкоголь, темекі, насыбай, кальян дегендерді аузыма да алып көрген жоқпын. Тіпті ұстап та көрмедім. Бірде-бір әйелге қол көтеріп, балағаттап, ауыр сөз айтқан емеспін. Бала күнімнен еңбекке араласып, оқумен қатар жұмыс істедім, спортпен шұғылдандым. Дипломды да өз күшіммен алдым. Қазір қолымда бардың бәріне адал еңбектің арқасында жеттім. 40-қа жуық кәсіби жекпе-жек өткіздім», – деді ол.

Тэгтер:

ММА Қуат Хамитов