"Қазақ әйелдерін бұзатын адамдар": белгілі сынықшы жанжалдасқан Баян мен Меруертті сынады (ВИДЕО)

"Қазақ әйелдерін бұзатын адамдар": белгілі сынықшы жанжалдасқан Баян мен Меруертті сынады (ВИДЕО)

фото: Azattyq Rýhy. Суретте: Баян Алагөзова мен Меруерт Түсіпбаева

Белгілі сынықшы Бағдагүл ханым продюсер Баян Алагөзова мен оның продюсерлік деңгейін сынаған әнші Меруерт Түсіпбаеваға шүйлікті.

Сынықшының сөзінше өнер адамдары өз әлдерін білмей тек ұрандата береді.

"Баян ба?, шаян ба? қоян ба? оны баяғыда айтып тастағанмын. Түсіпбаеваны айтамын, кеше сынап, бүгін сөзінен қайтып отыр. Бастадыңыз ба соңына жеткізіңіз. Ертесі күні басқаша сайрайсыз ба елді алаңдатпаңыз. Ал, Баян ханым сұлулық байқауын ұйымдастырыпсыз. Ол шарадан не өнеге алдық? Ашық-шашық киінген қыздар. Меніңше қайта қазақ әйелдерін бұзатын адамсыз", – деп видео үндеу жолдаған.

Қазақстандық үш танымал әйелдің пікірін тыңдағандар да үшке бөлініп пікір қалдырған. Бірі Баян Алагөзованы мақтаса, енді бірі оны даттаған.

Ал Түсіпбаеваның "Баян ханым тракторшылар, сиырлар туралы түсіреберсін. Қазақ тілін жетік меңгермеген продюсер "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" этносын түсіруге деңгейі жеткен жоқ" деп сынаған еді. Оған қатысты көпшілік өз пікірін білдіріп жатыр. Ал, танымал сынықшының сынына қосылғандар қатары көп. Олар барлық өнер адамын халыққа, көрерменге адал болуға шақырған.