«Кейде ана болып та шаршайсың»: Төреғалидің қарындасы сырын айтам деп шынын айтып қойды

5 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Дина Төреәлі әлеуметтік желідегі жазбасында ана болудың жауапкершілігі мен өмірдің шынайы сәттері жайлы бөлісіп, көпшілікті терең ойға қалдырды.

Ол ата-анасының қасында өткізген уақыттың қадірін айтып, Алматыға келіп, өзіне демеу тапқанын жеткізді.

«Жер бетіндегі кез келген адам үшін ата-анасының жанындағы шақ – ең бақытты сәт. Бұл пікірмен ешкім де дауласпайтын шығар. Алматыға ата-анамның жанына келіп, өзімді қайта тапқандаймын. Көңілім жиі босап кетеді. Маған да ана керек, жылулық пен қолдау керек. Кейде өзің ана болсаң да, шаршайсың», – деп ағынан жарылды блогер.

Дина бойдақ кездерін еске алып, аз да болса тынығып, қайта күш жинап жатқанын да атап өтті.

«Әйел заты – нәзік, бірақ жүрегімен мықты. Қазіргі заманда әйелдер әрі ана, әрі жар, әрі табысты маман. Ақша табасың, баланы бағып-қағасың, тіпті бірнеше жұмысты қатар алып жүресің. Бұл – қазіргі қыз-келіншектердің шындығы», – деп жазды ол.