Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Назым Қызайбай жартылай финалда Жапония боксшысы Хикару Синохарамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Назым Қызайбай қарсыласын төрешілердің шешімімен жеңді.
Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының финалдық жекпе-жектері ертең, 6 шілдеде өтеді.