Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шықпай-ақ Әлем кубогының финалына шықты

5 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Нұрбек Оралбай

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz. 

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай бүгін 80 келіде жартылай финалға жолдаманы сарапқа салу керек болған.  Алайда оның қарсыласы түркиялық Мерт Айбуга жекпе-жектен бас тартуына байланысты жерлесіміз бірден финалға жолдама алды.

Нұрбек Оралбай финалда Франция елінің өкілімен алтын медальға таласады. Финал ертең, 6 шілдеде Жақсылық Үлкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Тэгтер:

Нұрбек Оралбай