Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекованың тұрмысқа шығатыны жайлы сүйінші жаңалықтан кейін, оның жүрегін жаулаған жан кім екені көпшілікті қызықтырып отыр.
Желі қолданушыларының басым бөлігі бұл жаңалықты қуана қабылдағанымен, "Құралай кімге тұрмысқа шығады?", "Күйеу жігіт кім?" деген сұрақтар жауын жаудырған. Кейбірі актрисаның блогер NNN, яғни Нұрдәулетпен көңіл қосқанын болжаған.
Алайда тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұл болжамдарды жоққа шығарды:
«Құралай туралы жаңалық көбіңізге тосынсый болғанын байқадым. NNN бе деп сұрап жатқандар бар. Олай емес екенін посттағы "Құрдастар" деген сөзден ұғуға болады», – деп жазды ол.