«Әйел басқарған үйдің балалары ауру болады»: танымал коучтың мәлімдемесі жұртты шулатты (ВИДЕО)

4 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Әлеуметтік желілерде өзін «халықаралық дәрежедегі Сюцай мастері» деп таныстыратын Жанат Қожамжаровтың отбасылық өмір жайлы айтқан даулы пікірі қызу талқыланып жатыр.

Қожамжаровтың айтуынша, үйді әйел емес, ер адам басқаруы керек. Әйтпеген жағдайда, оның пікірінше, бұл жағдай отбасы мүшелерінің, әсіресе балалардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

«Ер адам есіктен кіргенде, әйел адам орнынан тұруы қажет. Отбасында ер адам билік жүргізген кезде ауру-сырқау аз болады. Ал әйелдің ықпалы шектеулі. Әйел адам, табысы мол болғанымен, еркек секілді биікке ұмтылмайды, өйткені Жаратушы солай жаратқан. Егер үйде әйел билік етсе, ұл бала ынжық болады, болашағы бұлыңғыр. Қыз балада ондай байқалмайды», – деген пікір білдірді ол.