"Сені кездестіргелі...": Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі шашын тақырлап тастады (ФОТО)

4 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Әлеуметтік желіден

2025 жылдың 4 шілдесінде белгілі кинорежиссер Ақан Сатаевтың экс-әйелі, актриса Назира Бақаева шашын толықтай тақырлап тастағаны туралы жаңалық желіде кең тарады.

Актриса бұл әрекеті арқылы көпшіліктің назарын аударып, пікір алаңын тудырды. Бұған дейін ол 32 жастағы әйелмен бірге түскен суреттері мен бейнелерін жариялаған. TikTok парақшасында Dori.nessa есімді әйелді белгілеп, фонына Диана Исмайылдың «Сені кездестіргелі» атты лирикалық әнін қойған.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетті олардың арасындағы жақын қарым-қатынас ретінде қабылдап, «екеуі көңіл жарастырып жүрген болуы мүмкін» деген түрлі пікірлерін білдіріп жатыр.

Бақаеваның бұл қадамы желіде қызу талқыланып, ел арасында әртүрлі көзқарас тудырды. Актрисаның өзі әзірге бұл жайында ресми түсініктеме берген жоқ.