фото: Turkystan.kz. Суретте: Баян Мақсатқызы мен Меруерт Түсіпбаева
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әнші Меруерт Түсіпбаеваның өзіне бағыттаған сынына жауап берді, деп Sportinside.kz тілшісі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованың қазақ тілі мен мәдениетін терең білмей тұрып ұлттық классикаларды экранизациялауы – дұрыс емес деген пікір білдірді.
"Алагөзова сияқты қазақ тілін жетік меңгермеген, дәстүр мен мәдениеттен алшақ адамдарға тарихи әрі рухани туындыларды сеніп тапсыру – қате. "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" секілді шығармаларды тек білікті, мәдениетті, тіл мен дәстүрді терең түсінетін мамандар қолға алуы тиіс", – деп жазды әнші.
Продюсер бұл сынға қысқа ғана, бірақ нақты жауап қайтарды:
"Адам неғұрлым дарынсыз болса, соғұрлым оның талаптары көп болады", – деп жазды Баян Алагөзова.