Португалияның «Спортинг» клубының және Швеция құрамасының шабуылшысы Виктор Дьекереш жаңа маусымда басқа ел чемпионатына ауысу ниетімен қалыңдығын тастап кетті. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.
27 жастағы футболшы португалиялық актриса Инеш Агиярмен қарым-қатынасын өзі үзіп, себебін түсіндірген. Басылым мәліметінше, Виктор Португалияда қалғысы келмейді, өйткені «Спортингтен» кетуді жөн деп санаған.
«Ол Португалиямен байланысты ештеңе қалдырғысы келмейді. Жазғы демалысқа кетер алдында Инешпен сөйлесіп, ішкі күйін ашық жеткізген. Инеш бұған іштей дайын болғанымен, оңай қабылдамады. Себебі ол Викторды қатты жақсы көрген», – делінген жарияланымда.
Ағылшын БАҚ-тарының хабарлауынша, Дьекерешке Лондонның «Арсеналы» мен «Манчестер Юнайтед» клубтары қызығушылық танытқан. Алайда «Спортинг» клубы шабуылшысын 70 миллион фунт стерлингтен кем бағаға сатудан бас тартқан. Бұл жағдай футболшыны қанағаттандырмаған.
Айта кетейік, швед шабуылшысы Виктор Дьекереш пен актриса Инеш Агияр 2024 жылдың басында Лиссабонда танысып, бір жылдан астам бірге жүрген. Алғашқыда екеуі қарым-қатынастарын жұрттан жасырып келген.