Бүгін, 4 шілдеде бес қазақ боксшысы World Boxing Әлем кубогының кезеңі аясындағы кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Барлық жекпе-жек кешкі сағат 19:00-де басталатын кешкі сессия аясында өтеді. Көрермендерді қызықты жекпе-жектердің бірі – Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасындағы текетірес күтіп тұр. Тікелей эфирді «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.
Міне, қазақстандық боксшылар қатысатын жекпе-жектер:
2-жұп (B рингі). Әйелдер, 51 кг. Ширек финал:
Алуа Балқыбекова – Юна Нисинака (Жапония)
4-жұп (A рингі). Әйелдер, 65 кг. Ширек финал:
Аида Әбікеева – Су Кюн Кан (Оңтүстік Корея)
5-жұп (A рингі). Әйелдер, 80+ кг. Жартылай финал:
Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
6-жұп (A рингі). Ерлер, 65 кг. Ширек финал:
Ертуған Зейнуллин – Юго Гро (Франция)
8-жұп (A рингі). Ерлер, 90 кг. Жартылай финал:
Сағындық Тоғамбай – Эмрах Ясар (Түркия)