Белгілі әнші Роза Рымбаеваның келіні, әнші Ақерке Бүркітбай бұрынғы «Асыл» тобының жаңа атаумен қайта құрылып, шығармашылыққа кіріскенін мәлімдеді.
Жаңартылған топ енді «Илигай» деген атаумен өнер көрсетпек. Репертуар мен сахналық киімдер де заманауи бағытта жаңартылған. Топ құрамында бұрынғы мүшелері – Ақерке Бүркітбай мен Ғалия Мұратова бар. Сондай-ақ топқа Райхан есімді жаңа қобызшы қосылған.