Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының ширек финалынан жекпе-жексіз өтіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Нұрбек Оралбай бұл кезеңде үндістандық спортшы Лакшья Чахармен қолғап түйістіруі тиіс еді. Алайда қарсыласы жекпе-жекке шықпай, жарыстан бас тартты.
Осылайша Нұрбек жарыстың келесі кезеңіне ешқандай күш жұмсамай өтті. Бұл нәтиже оған кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті. Ал үнді боксшысы жүлделі орынға жете алмай жарыстан шет қалды.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай – 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы және 2024 жылы Парижде ұйымдастырылған Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.