"Ливерпуль" клубы мен Португалия құрамасының 28 жастағы футболшысы қаза тапты

3 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Getty Images. Суретте: Диогу Жота

Англияның «Ливерпуль» клубында ойнаған португалиялық вингер Диогу Жота Испанияның Самора провинциясында жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Бұл туралы беделді Marca басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Футболшы 28 жаста еді. Апат кезінде оның ағасы да қаза болған.

Диогу Жота Англияның «Ливерпуль» клубында керемет ойын көрсеткен. Ол бұл клубтың құрамында Англия чемпионы, ел кубогының және Англия лигасы кубогының иегері атанды. Жота 2020 жылдан бастап «мерсисайдтықтар» сапында ойнады.

Оған дейін Диогу Жота «Вулверхэмптон», Мадридтің «Атлетико», «Порту» және «Пасуш де Феррейра» клубтарында доп тепкен.

Сондай-ақ, Португалия ұлттық құрамасының сапында Жота УЕФА Ұлттар лигасының екі мәрте жеңімпазы атанды.

Тэгтер:

Португалия Диогу Жота Ливерпуль