Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желі арқылы қуанышты жаңалығын бөлісіп, оқырмандарына ерекше алғысын білдірді.
«Күшті жаңалық! Қатты қуанып тұрмын. Алтын оқырмандар, қолдауларыңыз өте мықты болды. Аллаға сансыз шүкір! Сіздердің аппақ ниеттеріңізді қатты сеземін, байқап та жүрмін. Шексіз алғыс!» – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Мөлдір бұл қуанышпен шектелмей, қыздарымен бірге өзінің жаңа әніне тренд түсіріп, би билеген бейнежазба да жариялады.