фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызы
Белгілі продюсер Баян Алагөзова (Мақсатқызы) жұбайы Тұрсын Алагөзовпен некелескен сәттегі мәһр туралы сыр шертті.
Сұхбаттарының бірінде ол көп қыздар секілді алтын немесе сақина сұрамағанын, керісінше, әлдеқайда іскерлікке негізделген шешім қабылдағанын айтқан.
«Қыздар жүзік сұрайды ғой, мен кеңсе сұрадым. Тұрсын мырза маған мәһрге үлкен-үлкен кеңсе сыйлады», – деді продюсер.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірге себеп болды. Бірі Баянның іскер мінезін жоғары бағаласа, енді бірі бұл неке бизнеске негізделген деп сынап жатты.
Сонымен қатар, продюсер Тұрсын Алагөзовпен алғашқы кездесуі туралы да ашық айтып өтті.
«Онымен алғаш кездескенімізде үш сағат сөйлестік. Үш сағат бойы мен сөйлеп отырдым. Алдыңғы күйеуіммен бұлай ашылып сөйлеспеген едім. Ал Тұрсын мені тыңдап отырды. Қазір де сондай — бірге отырсақ, ұзақ әңгімелесеміз. Ол үндемей қалса, неге сұрамайсың деп өзім сұраймын. Бір-біріміздің ішкі әңгімемізге үнемі құлақ түріп жүреміз», – дейді Баян.
Баян Мақсатқызы алғашқы кездесуде Тұрсын Алагөзовтің отбасылы екенін білгенін де жасырмай айтты.
«Бұл кездесудің өмірімізді осылай өзгертетінін күтпедік. Ол кезде мен де тұрмыста болатынмын. Бірақ оның менің адамым екенін жүрегіммен сездім. Ол да солай сезінген секілді. Бұл – тағдыр. Ондай сәтте сені ешнәрсе тоқтата алмайды», – деп түйіндеді продюсер.