фото: instagram/kuat__khamitov. Суретте: Қуат Хамитов
Қазақстандық танымал ММА спортшысы Қуат Хамитов Instagram парақшасында болашақ жары мен қарттық шағына қатысты қызықты жазба жариялады, деп Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол жасанды интеллект көмегімен жасалған суретті салып, өз армандаған отбасылық өмірін елестетіп көрсетті.
"Жасанды интеллект менің қарттығымды осылай елестетеді екен", – деп жазды файтер әлеуметтік желіде.
Бойдақ спортшының бұл жазбасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Қуат Хамитов 37 жаста болса да, әлі үйленбеген. Бұған дейін ол үйленбеуінің себебін "көңілінен шығатын жанды жолықтырмағанымен" түсіндірген.