Актриса әрі Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігіне қарамастан жөндеу жұмыстарымен өзі айналысып жүргенін айтып, жан сырын бөлісті.
Оқырмандарын толғандырған бұл жағдайға Жұлдыз былай деп жауап берген:
«Жалғыз емеспін ғой, бөпеміз екеуміз әйтүп-бүйтіп бітіріп жүрміз. Бірақ үнемі солай болған. Тек осы жолы сыртымда төртеу, ішімде біреу. Әрине, жүкті әйелге ремонтпен жүру оңай емес. Бірақ балаларға жауапкершілікті өз мойныңа алған кезде ештеңеге де, ешкімге де қарайламайды екенсің! Оның үстіне өсіп қалған балаларың барда, еріксіз өзіңді қамшылайсың да, тек алға қарай жүресің! Бұл да өтеді...».
Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова үй аламын деп алаяқтарға алданып, баспанасыз қалғанын айтып, жанайқайын жеткізген болатын.