"Құшақтап, сүйіп алды": Головкин мен Назым Қызайбайдың видеосы жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

3 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Видеодан скриншот. Суретте: Назым Қызайбай мен Геннадий Головкин

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңіндегі көріністерден тұратын бейнежазбаны жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бейнежазбада Қазақстан ҰОК президенті әрі World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкиннің турнирге қатысып, спортшылар және жаттықтырушылармен кездескен сәттері көрсетілген. Эпизодтардың бірінде әйгілі қазақ боксшысы үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайды құшақтап, жылы амандасқан сәті түсірілген.

Айта кетейік, 30 маусымда Астанада World Boxing ұйымының аясында Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды. Додада 30 елдің өкілдері бақ сынап жатыр.

Тэгтер:

Бокс Назым Қызайбай Геннадий Головкин