«Түн ішінде салют атып, елді шошытты»: Абай Бегейдің әйелі көршілерінің мазасын алды (ВИДЕО)

3 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Әлеуметтік желіден. Суретте: Абай Бегей мен әйелі

Эстрада әншісі Абай Бегейдің жары Фариза туған күнін жақындарымен атап өтіп, әлеуметтік желіде қуанышымен бөлісті.

«Бүгін дүние есігін ашқан күнім. Жаңа жасым берекемен келсін. Жақындарым жанымда – менен асқан бақытты адам жоқ», – деп жазды ол жеке парақшасында.

Алайда бұл кеш барлық көршілер үшін қуанышқа толы болмады. Әлеуметтік желіде Ақтаудағы көршілердің бірі түн ішінде атылған салют пен қатты дыбыстан шошынғанын жазып, наразылық білдірді:

«Туған күніңізбен! Бірақ түнгі 00:00-де қатты ән қойып, салют атуды тоқтатсаңыздар екен. Балам шошып, бір сағат бойы жылады. Біз сіздердің тура көршілеріңізбіз», – деп пікір қалдырды желі қолданушысы.

Тэгтер:

Абай Бегей әйелі салют