Тағы бір қазақ боксшысы халықаралық турнирде алтын еншілеп, ұлттық құраманы алға шығарды

9 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
kfb.kz. Суретте: Ерасыл Жақпеков

Қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков Нидерландының Эйндховен қаласында өткен беделді Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жақпеков финалда украиналық қарсыласы Артур Касьяновпен жұдырықтасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті – 5:0.

Үш раундтық кездесуде төрешілердің шешімі бір ауыздан болды, тіпті соңғы раундта украиналық боксшыдан екі ұпай шегерілді. Бұл Жақпековтың шеберлігі мен тактикалық артықшылығын тағы бір дәлелдеген сәт болды.

Айта кетерлігі, финалға дейін де Жақпеков мықты қарсыластармен кездесіп, барлығын сенімді түрде жеңген. Турнир барысында ол Нидерланд өкілі Иво Пеллебурды, бельгиялық Энди Симбуды және датчан Иде Силасты артта қалдырған. Осылайша, төрт бірдей қарсыласынан басым түсіп, ол Эйндховен рингінің абсолют жеңімпазы атанды.

Тэгтер:

Бокс Ерасыл Жақпеков