"Екі құдағи әпкелі-сіңлілердей": 88 жастағы қос құдағидың видеосы жұртты тәнті етті

2 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Видеодан скриншот

Анасы мен енесін бір шаңырақта тату-тәтті ұстаған Гүлмира есімді келін TikTok желісінде миллиондаған қаралым жинап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Ол 33 жыл бойы ата-енесімен бірге тұрып, жолдасы қайтыс болған соң туған анасын да үйіне көшіріп алған. Бүгінде бір үйде тұратын енесі мен анасы бір-бірімен апалы-сіңлідей болып кеткен.

Желі қолданушылары олардың шынайы көңілі мен жылы видеоларына тәнті болып, көпке үлгі деп бағалауда.