21 жастағы шахматшы Бибісара Асаубаева өз Telegram-арнасында жігіттермен қарым-қатынасқа қатысты көзқарасын ашық айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ол оқырмандарының "Сен жағдайы төмен жігітті сүйе алар ма едің?" деген сұрағына жауап берді:
"Егер сіздер менің "Сүйгеніңмен күркеде тұрсаң да бақыт" деп айтқанымды күтсеңіздер – ол мен туралы емес. Мен сезімге сенемін, бірақ ақылмен келісім мен шынайы бағалау міндетті түрде болуы керек. Мен 7 жасымнан бастап саналы түрде жұмыс істеп келемін, 14 жылдан бері күн сайын бірнеше сағатымды шахматқа арнап, жақсы табыс табуға тырысып жүрмін. Сондықтан жігіт кем дегенде маған сай болуы керек. Бұл тек қаржылық тұрғыда емес. Жалпы, жігіт сенен асып түссе, бұл өзіңді де дамуға итермелейді ғой – бұл одан да қызық", – деді Бибісара Асаубаева.
Айта кетейік, 2025 жылдың мамыр айында Бибісара Асаубаева БАӘ-де өткен Sharjah Masters супертурнирінде үшінші гроссмейстерлік нормативін орындап, Қазақстандағы екінші әйел-гроссмейстер атанды.