2025 жылғы 2 шілде күні танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі жазбасында никаб (бет-әлпетті тұмшалайтын киім түрі) жайлы пікір білдіріп, қоғамда қызу талқыға түсті.
Әнші өзінің Instagram парақшасында:
«Қазақстанда бет-әлпетті тұмшалауға тыйым салынады! Өз басым, Бекшин сияқты — наконец-то, дедім! Сіз келісесіз бе?» – деп жазған.
Меруерт Түсіпбаеваның бұл жазбасы бірден көпшілік арасында үлкен пікірталас тудырды. Оқырмандардың кейбірі әншінің ұстанымын қолдаса, енді бір бөлігі оны діни киімге қатысты шектен тыс мәлімдеме жасады деп сынға алды.
«Никаб – әркімнің жеке таңдауы, сенім бостандығына қол сұқпаңыз»;
«Орамал мен никабты шатастырмаңыз, бұл – басқа деңгей»;
«Өнер адамы ретінде көпшілікті араздастыру емес, татуластырған жөн» – деген сынды пікірлер қалдырған.