Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай өзбек қызын оңдырмай жеңді

2 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/qaz_team_official. Суретте: Назым Қызайбай

Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Әлем кубогы кезеңінің ширек финалында кездесу өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

48 кг дейінгі салмақта өнер көрсететін Назым Қызайбай ширек финалда Өзбекстан өкілі Фарзона Фозиловамен қолғап түйістірді. Назым Қызайбай бұл кездесуде төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының кезекті кезеңі 6 шілдеге дейін жалғасын табады.

Тэгтер:

Бокс Назым Қызайбай Қазақстан Астана