Тоқтар Серіковтың “балаларымның жанында әр кез болуым керек”,- деген сөзі көпшіліктің жүрегін елжіретті.
"Екінші әйеліммен ұйықтап жатқанда аяқастынан бірінші үйімдегі балама ауадай қажет болып, балам тұрып мені іздеді, сонда мен қасынан табыла алмай қалдым. Қандай сорлылық? Мен ол баланың әкесімін бе, оның қасында міндетті түрде ұйықтауым керек. Бөтен жерде жатпауым керек. Мені таңертең балам иіскеп шығарып салады. Ал мен үйге қайтып келгенде басқа әйелдің исімен келетін болсам, не деген сорлы әке боламын? Әйелімнің көңіліне келмесін. Бірақ мен баламды әйелімнен жоғары қоямын. Балам менің бойымнан жаман қасиет көретін болса, мен тірі өлікпін. Балам мен үшін жылайтын болса, сол жерде өзімді атып тастауға бармын", - дейді ол.
Ол сұхбатында отбасылық құндылықтарды ерекше атап, өз балаларының өмірінде болудың маңыздылығын айтты. Қазіргі таңда екінші әйел алуым керек дейтін еркектерге бұл сөздер керемет үлгі боларлықтай.