2025 жылдың Уимблдон турнирінде сенсациялық нәтиже тіркелді: әлемнің екінші ракеткасы, америкалық теннисші Коко Гауфф жарыстың алғашқы кезеңінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
19 жастағы Гауфф әлемдік рейтингте тек беларусь Аринa Соболенкоға ғана жол беріп, турнирге екінші нөмірмен тіркелген еді. Алайда алғашқы айналымда ол әлемнің 42-ракеткасы, украиналық Даяна Ястремскаямен кездесіп, екі сетте жеңілді.
Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды. Бірінші сет тай-брейкпен аяқталса (7:6, 7:3), екінші сетте Ястремская қарсыласына мүлде мүмкіндік берген жоқ – 6:1.
Осылайша, Ястремская жарыстың екінші айналымына өтті. Енді ол ресейлік Анастасия Захароваға қарсы ойнайды. Захарова Уимблдонның негізгі торына іріктеу кезеңі арқылы шыққан.